Лужков Латвияның «қара тізіміне» енгізілді

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Латвияның Ішкі істер министрі Линда Мурниеценің шешімімен Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков - ел үшін қолайсыз адамдар болып табылатын «қара тізімге» енгізілді.
None
None

Бұл туралы Гунта Скребеле ведомствосының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

"Латвия қауіпсіздік органдарынан тиісті ақпарат алғаннан кейін Ішкі істер министрлігі осындай шешімге келді", - деді ол.

Сондықтан оның айтуынша, Ресей астанасының бұрынғы мэрі, енді Латвиядан тұрғылықты мекенжай ала алмайтын болды.

Бұған дейін Мурниеце, «Лужков Латиядан тұрғылықты мекенжай алуға еңбек сіңірген жоқ. Қайта керісінше, оның Балтық елдеріне деген теріс көзқарасы мен артық-ауыс айтылған сөздері көп болды. Сондықтан ол Латвиядан тұрғылықты мекенжай ала алмауы әбден мүмкін», деген пікір білдірген болатын.

Соңғы жаңалықтар