Лужковқа демалыс өтемақысы ретінде 3 млн. рубль төленді
АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков лауазымынан кеткеннен кейін демалыс өтемақысы ретінде 3 млн. рубльге тарта ақша алды. Бұл туралы ресми БАҚ өкілдері жазып отыр.
Мәскеу үкіметіндегі дереккөздің түсіндіруінше, астанадағы мемлекеттік қызметкер еңбек демалысына шыққаннан кейін мемлекеттік қызметте еңбек еткен жылдарына және жалақысына байланысты бір реттік өтемақы алу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар мұндай ақша көлемі қызметкердің ай сайынғы еңбекақысының он еселенген көлемінен аспауы тиіс.
"Комсомольская правда" газетінің мәліметі бойынша, Лужковтің Мәскеу мэрі болып тұрған кездегі еңбекақысы айына 300 мың рубль шамасында болған. Осы есеппен алғанда Юрий Михайлович бір реттік демалыс өтемақысына он айлық жалақысын алып отыр.