Любовь Нысанбаева тарихи нысандарды сүруге қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР қала құрылысшылары одағының президенті Любовь Нысанбаева тарихи-мәдени нысандарды сүруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Тарихи маңызы бар мәдени нысандарды сүру мәселесі Алматыда жиі туындайды. Жалпы, ел бойынша да мұндай проблема аз емес. Біз барынша мұра болып қалған сәулет маржандарын сақтап қалуымыз қажет. Ол заңда да жазылған. Дегенмен, жергілікті жердегілер қандай да бір құрылысты жоспарлау алдында қаланың бас жоспарына қарамайды. Онда тарихи нысандар көрсетілген. Тіпті, аталған саланың кейбір басшылары өңірлерінде керемет көне ғимараттар барын білмейді. Біз жаңадан салатын нысандарға қарағанда, қолда бар ескі сәулет туындыларын сақтап қалуды ойлауымыз керек», - деп атап өтті Любовь Нысанбаева.

Бұған дейін брифинг аясында ҚР құрметті сәулетшісі Арқынжан Мәметов сәулет саласын оған мүлде қатысы жоқ азаматтар басқарып отырғанын мәлімдеген еді.

Ал, сәулетші Алексей Абилов қаланың бас жоспарына бағынбаған құрылыс компанияларын жазалауды ұсынды.


Соңғы жаңалықтар