00:34, 05 Наурыз 2012 | GMT +5
Людмила Зыкинаның бағалы бұйымдары аукционда 32 миллион рубльге сатылды
АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - 2009 жылы дүниеден өткен КСРО халық әртісі Людмила Зыкинаның бағалы бұйымдары Мәскеуде аукционда 31,787 миллион рубльге сатылды. Бұл туралы Лента.ру сайты хабарлады.

Лоттардың көпшілігін әншінің аты-жөні аталмаған талантына табынушы түп көтере сатып алған.
«Интерфакстің» атап өтуінше, саудаға барлығы 25 лот шығарылған, олардың жалпы төменгі бағасы жарты миллион долларға жуық болды. Сауда барысында бағалы бұйымдардың құны екі есе өсті. Мәселен, білезік пен «Зүбаржат арал» сақинасының алғашқы бағалау құны 45-64 мың рубль болса, олар 800 мың рубльге сатылған. Аукциондағы ең қымбат лот бриллиант алтын сырға болды, ол 6,5 миллион рубльге өткізілді.
Бұдан бұрын саудадан түскен барлық қаражат Зыкинана есте қалдыру шараларына жұмсалатыныны хабарланған болатын.
Людмила Зыкина 2009 жылғы 1 шілдеде 81-ге қараған жасында дүниеден өткен болатын. Әнші Новодевичье қорымында әскери құрметпен жерленді.