22:31, 31 Шілде 2017 | GMT +5
Люксембургте астероидтардан кен өндіруге қатысты заң күшіне енеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шілдеде Люксембург парламенті жеке компанияларға астероидтардан өндірген минералдарды иеленуіне құқық беретін заң жобасын мақұлдады. Құжатпен жұмыс 2016 жылы басталған. Ол 1 тамызда күшіне енеді, деп хабарлайды Engadget .

Заң астероидтарды немесе басқа да аспан денелерін меншіктеуге тыйым салады. Алайда ол жеке компанияның келешекте ғарыш нысандарынан өндіретін пайдалы қазбаларды иелену құқығына кепілдік береді.
Осыған ұқсас заң 2015 жылы АҚШ-та қабылданған. Соңғы заңның америкалық құжаттан ерекшелігі люксембургтық құжат компанияның негізгі акционерлері осы еуропалық елде жұмыс істеуін талап етпейді. Жергілікті кеңсе және биліктен ғарыш қызметіне жазбаша рұқсат жеткілікті.
Айта кетерлігі маусым айында Люксембург ғарыш өндірісі үшін технология әзірлейтін компанияға $200 млн инвестиция құймақ болғаны жария етілген болатын.