М.Әбілязов сот алдында жауап беруі керек - Қ.Қожамжаров
СТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «М.Әбілязов сот алдында жауап беруі керек. Себебі ол өзгелерді, салық төлеушілерді алдап жүр немесе мемлекет қаржысын жымқырды деген айып таға отырып, өзі осындай әрекеттерге барды. Біз оның жекелеген азаматтардың депозитте жатқан қаржыларын қалай жымқырғандығын білеміз», деді бүгін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.
Бұл туралы ол бүгін журналистермен болған арнайы брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, М.Әбілязов мемлекет қаржысын өте үлкен мөлшерде көптеген азаматтармен ауыз жаласа отырып жымқырды.
«Енді ол өзгелерді не деп кіналайды. Енді оған тек сот алдында жауап беру керек. Ал ол өзге елдерден саяси баспана табу үшін және жауапкершіліктен жалтару үшін отынымызға «күйе жағуда». Мен оның айыптауларын ешқандай негізсіз деп білемін», деді агенттік төрағасы.