М.Ахмадинежад сот алдында жауап береді

АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Осы жылғы тамызда қызметінен кететін Иран президенті Махмұд Ахмадинежад Тегеранның қылмыстық сотында жауап береді, деп хабарлады Би-Би-Си.

М.Ахмадинежад сот алдында жауап береді

Ахмадинежад шақырылған сот отырысында оған қарсы меджлис спикері Али Лариджани берген шағым қаралмақ. Иран президентінің сотқа шақырылу себебі әзірге белгісіз.

Ахмадинежад сотқа 26 қарашаға ол билікті жаңадан сайланған президент Хасан Руханиге бергеннен соң төрт айдан кейін жауап береді. Иранның «ИРНА» мемлекеттік ақпарат агенттігі Тегеранның қылмыстық сотын батыл сынға алып, Ахмадинежадты сотқа шақыру конституцияға қайшы әрекет деп атады.