М. Ахметжанов Қаржы полициясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Марат Мұратұлы Ахметжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.