М. Алтынбаев Сенаттың Халықаралық қатынастар қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болып тағайындалды

nbsp;Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат/Қанат Мәметқазыұлы/ - Мұхтар Алтынбаев Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болып тағайындалды.
None
None

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары осындай қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен М. Алтынбаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған еді. М. Алтынбаев Қазақстан Қарулы күштерінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан азаматтардың бірі. Белгілі мемлекет қайраткері. Еліміздің Қорғаныс министрлігінде ұзақ жылдар бойы жоғары лауазымды қызметтер атқарған тәжірибесі мол әскери маман. Сенат депутаттығына тағайындалған М. Алтынбаев Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде қызмет істеуге тілек білдірген. Жиын барысында Сенат Төрағасы палата атынан М. Алтынбаевты сенатор болып тағайындалған қызметімен құттықтап, зор табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар