М.Алтынбаев: Тәуелсіздік таңы атқанда Қарулы күштерімізді құруға үлес қосқанымды мақтан етемін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Халық Қаһарманы, сенатор, екі рет Қорғаныс министрі болған Мұқтар Алтынбаевтың 70 жасқа толуына орай «М.Алтынбаев: Генералдың жолы. Ерлік пен даңқтың жылдары» атты ғылыми-практикалық әскери конференция өтті.
None
None

Жиынға қатысқан Мәжілістің вице-спикері, генерал Абай Тасболатов, депутат Бақытжан Ертаев, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Айдын Айымбетовтер Мұқтар Алтынбаевтың әскери қатты мінезімен қатар, Қазақстан Қарулы күштерінің қалыптасуына сіңірген зор еңбегін, қызметтегі ағалық қамқорлығын ерекше атап өтті. Ал, мерейтойы иесінің өзі болса, мұндай құттықтау шараларын өткізуге қарсы болғанын жасырмады.

«Тәуелсіздік таңы енді атқанда, Қарулы күшімізді саптау керек болды. Расын айтсам, қорғанысымызды қайдан, қалай бастау керектігін ешкім білмеді. Қиын кездерден өттік. Сол кезде Елбасы үнемі: «шыдай тұрыңдар, экономиканы сәл дұрыстап, халық жағдайын көтеріп алайық, содан, қаржы бөліп, бюджеттеріңізді бекітеміз, Қарулы күшіміздің қуатын арттырамыз»,-дейтін. Міне, сол күнге де жеттік. Қарулы Күштерді құруға қатысқанымдымақтаныш етемін», - дейді армия генералы.

М.Алтынбаев бұл ретте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Сонымен қатар, Қарулы күштердің ардагерлеріне де алғысын жеткізіп, конференцияға жиналған жасұландықтарға ақылын айтты.

«Сендердің болашақтарың әлі алда. Біз елімізді, жерімізді сендерге аманат етіп қалдырамыз. Қазақстанның ендігі өркендеуі мен бейбітшілігі сендерге аманат. Қазір сендер бар күш-жігерлеріңді, уақыттарыңды оқуға арнаңдар. Себебі, ертең, әскери қызмет басталғанда, қиын болады. Бүгін оқып үлгермегендеріңді қызмет басталғанда қайта оқу қиын болады. Сендер үшін салынған әскери мектептің бар мүмкіндігін пайдаланып оқыңдар, мен сендерге сенемін», - деді генерал.

«Жалпы, мен осы мерейтойды өткізуге қарсы болған едім. Парламент Сенатында, Қорғаныс министрлігінде де осындай шаралар өтпекші. Өкінішке орай, теңіз әскері мен ұшқыштарға бара алмадым, бірақ жаяу әскерлермен кездесіп қайттым. Мен тіпті 70 жасымды өзім де елестете алмаймын. Бірақ, бәрі маған «сіздің жетпіс жасыңызға арналған шара» деп, жетпіске келгенімді еске сала береді», - деп қалжыңдады М.Алтынбаев. «Жас ұлғая келе, - дейді генерал - туған күн мен мерейтойды тойлайтын кез кетеді екен. Кезінде Премьер-министрдің орынбасары болған, көптеген елдерде елші, Қазақстанда министр болған Бірғаным Сарықызының (Бірғаным Әйтімова - агенттік) айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазір адамзат 20 жылға жасарып кеткенін мәлімдепті. Сондықтан, мен әлі елу жастамын» , - деді тағы да қалжыңға басқан М.Алтынбаев.

Соңғы жаңалықтар