М.Әшімбаев Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында төменгі палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметіне Мәулен Әшімбаев сайланды.

 М.Әшімбаев Халықаралық істер,  қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқарады

«Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағағасының қызметіне депутат Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын», - деді Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Бұл ұсынысқа дауыс берген депутаттар оның кандидатурасын толықтай қолдады.