М. Әуезов атындағы академиялық драма театры 83-ші театр маусымын аяқтайды

      АЛМАТЫ.  Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /ЖанарШағалақова/ - Алматыда маусымның 28-і күні Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры  83-ші  маусымының шымылдығын  жабады,

М. Әуезов атындағы академиялық драма театры 83-ші театр маусымын  аяқтайды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ол театрға есімі берілген әйгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» қойылымымен жабылғалы отыр.

 Өнер ордасы осы маусымда  қала тұрғындары мен қонақтарының назарына 5 жаңа қойылымды ұсынған болатын. Олар  Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»,  Қ. Мұхамеджанов пен Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесу»,  драмасы,  қырғыз драматургі Мар Байджиевтің «Қылмыс» драмалары мен Т. Мәмесейіттің «Бәкей қыз» трагедиясы  және Ү. Ғаджыбековтың «Аршын Мал Алан» музыкалық комедиясы. Оның екеуі шетелдік драматургтердің шығармасы.  Мәселен,  «Қылмыс» драмасы қырғыз драматургы Мар Байджиевтің, ал  «Аршын Мал Алан»  Әзірбайжан классигі Ү. Ғаджыбековтің  қойылымы.