М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының Қарағанды облысына гастрольдік сапары басталады

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры 11-21 қыркүйек аралығында «Отаным - бақыт мекенім» атты жоба аясында Қарағанды облысына гастрольдік сапармен барады,

М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының Қарағанды облысына гастрольдік сапары басталады

деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды қаласында өтетін гастрольдік сапар бағдарламасы:

11, 20 қыркүйек «Махаббат дастаны» Ғ.Мүсірепов /трагедия/ реж. Қ.Сүгірбеков
12, 16 қыркүйек «Тендерге түскен келіншек» М.Сәрсеке /драма/ реж. О.Кенебаев
13, 19 қыркүйек «Қыз мұңы» И.Сапарбай /драма/ реж. Е.Обаев, Т.Аралбай
14, 18 қыркүйек «Жүрейік жүрек ауыртпай» Б.Жәкиев /драма/ реж. Е.Обаев
15, 17 қыркүйек «Сұлу мен суретші» Т.Ахметжан /драма-ноктюрн/ реж. Н.Жақыпбай
Спектакльдер С.Сейфуллин атындағы облыстық драма театры сахнасында көрсетіледі. Басталуы сағат 18.30-ға белгіленген.
Театр бұл сапарында облыстың Абай, Теміртау, Саран, Қарқаралы шағын қалаларында да өнер көрсететін болады. Театр шағын қалаларда И.Сапарбайдың «Қыз мұңы» және Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай» /драма/ спектакльдерін көрсетеді:

13 қыркүйекте - Теміртау
17 қыркүйекте - Абай
19 қыркүйекте - Саран
21 қыркүйекте - Қарқаралы.
Театрдың бүгінгі шығармашылық беталысынан, актерлік ойын өрнектерінен хабардар ететін гастрольдік қойылымдарда көрермен Сәбит Оразбаев, Құман Тастанбеков, Рәшида Хаджиева, Қымбат Тілеуова, Бекжан Тұрыс, Бақтияр Қожа, Дәрия Жүсіп, Дулыға Ақмолда, Асылбек Боранбай, Шынар Асқарова, Назгүл Қарабалина, Азамат Сатыбалды, Жандарбек Садырбаев, Ләззат Қалдыбекова, Еркебұлан Дайыров ойындарын тамашалай алады.