М. Әуезов атындағы театрда "Күлеміз бе, жылаймыз ба?!..." қойылымның премьерасы өтуде

АЛМАТЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында "Күлеміз бе, жылаймыз ба?!..." деп аталатын қойылымның премьерасы өтіп жатыр.

М. Әуезов атындағы театрда "Күлеміз бе, жылаймыз ба?!..." қойылымның премьерасы өтуде

Қойылымның авторы - ҚР Еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов, ал қоюшы режиссері - Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы театрдың көркемдік жетекшісі және директоры Еркін Жуасбай.

"Күліп отырып нені ойланып, нені естен шығармау керектігін еске салсақ деген мақсат болған. Ол орындалды ғой деген пікірдемін. Қазір күлдіріп айтасыз ба, жылатып айтасыз ба ең үлкен мәселе, адамды жалықтырмай айту, ой салуға мүмкіндік жасау", - дейді режиссер Еркін Жуасбай. Оның айтуынша, болмысынан ажырап бара жатқан ұрпақтың тұрмыс салтын көрсету арқылы автор бұл қойылымда көрерменді күлдіріп отырып, көздеріне жас үйіртіп, еріксіз ойландырады. Одан сабақ алу - әр адамның парызы.