М.Әзілханов: «E-Islam» порталының басты мақсаты - адам бойында дәстүрлі рухани құндылықтарды қалыптастыру

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - «E-Islam» порталының басты мақсаты - адам бойында дәстүрлі рухани құндылықтарды қалыптастыру. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде аталған порталды таныстыруға арналған брифингте ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов айтты.

М.Әзілханов: «E-Islam» порталының басты мақсаты - адам бойында дәстүрлі рухани құндылықтарды қалыптастыру
«Ислам порталы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2003 жылы Астана қаласында өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларын шақыру туралы ұсынысына 10 жыл толуына орайластырылып ашылды. Порталдың тұсакесер рәсімі 13 қараша күні Қазақстан Дінтанушыларының 3-ші форумы барысында БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілген еді. Бұл портал Дін істері агенттігі мен Рухани бірлік қорының қолдауымен құрылды», - деді ол. Агенттік басшысының атап өтуінше, портал ұжымы салт-дәстүрімізге сіңіп, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан ханафи масғабындағы ислам дінінің құндылықтарын көптішішкке терең талдай отырып, түсіндірумен жүйелі түрде айналысады. «Порталдың басты мақсаты - адам бойында дәстүрлі рухани құндылықтарды қалыптастыру, қазақстандық рухани дүниетаным өрісін арттыру. Сонымен қатар бүгінгі күні өзекті мәселеге айналған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған шараларды барынша насихаттайды, - деді М.Әзілханов.