М.Джексонның дәрігеріне поп-жұлдызды қастандықпен өлтірмеген деген айып тағылды
ТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Ант берген 12 адамнан тұратын сот алқасы әлемге әйгілі Майкл Джексонды қастандықпен өлтірген жоқ деген іс бойынша оның дәрігері Конрад Мюррейді (Conrad Murray) кінәлі деген үкім шығарды.
Бұл туралы Associated Press агенттігіне сілтеме жасай оырып РБК агенттігі жазады.
Енді әлем жұлдызы болған М.Джексонның дәрігері 4 жыл түрмеге жабылып, дәрігерлік лицензиясынан айырылады.
Естеріңізге сала кетейік дүниежүзіне танымал әртіс М.Джексон 2009 жылдың 25 маусымында 51 жасында дүниеден озған. Оның дәрігеріне әншіні қастандықпен өлтірмеді деген айып 2010 жылдың қаңтарында айтылған болатын. Осы іс бойынша тыңдау алты апта бойы жалғасып, бүгін сот алқасы өз үкімдерін жария етті.
Айыптаушылар К.Мюррей әншіге белгіленген мөлшерден тым артық деңгейде ұйықтататын екпе салғандықтан әнші оны көтере алмай көз жұмған және дәрігер оны құтқарып қалу үшін ешқандай әрекет жасамаған деген шешімге келіп, оны кінәлі деп тапты.
Дәрігердің өзі болса кінәсін мойындамауда.