М.Джексонның өліміне қатысты қастандық жасалуы ықтимал деген нұсқа қарастырылуда
АСТАНА. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат - Тергеу органдарында поп-әнші Майкл Джексон өлтірілді деп санауға негіз пайда болды. Калифорнияның бас прокуроры Джерри Браунның Reuters агенттігіне хабарлағанындай, тергеу барысында маңызды айғақтар табылды.
Д.Браунның айтуынша, әншінің өлімі о бастан-ақ күдікті болып көрінген еді. «Мәйіттен егілген түрлі химиялық препараттар табылса қылмысты ешқашан да жоққа шығаруға болмайды», - деп мәлімдеді калифорниялық прокурор.
Ол зерттеу барысында дәрігерлер тергеліп жатқанын айтты, алайда полицияның дәл кімнен күдіктеніп отырғанын нақтылаған жоқ.