М.Елеусізов Алматыдағы кәмелетке толмағандар колониясындағы жасөспірімдермен кездесті
АЛМАТЫ. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін ҚР Президенттігінен үміткер Мелс Елеусізов Алматыдағы кәмелетке толмағандар колониясындағы жасөспірімдермен кездесті.
ҚР ІІМ-нің деректеріне сәйкес, уақытша оқшаулау және кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған бейімдеу орталықтарына 2006 жылы 9883 жасөспірім келіп түссе, соңғы 5 жылда олардың саны 64 мыңға жеткен.
Кездесу Алматы және Алматы облысы бойынша атқарушы жүйе басқармасының бастығы Бақытжан Садықбековтың қолдауымен өтті.