М. Есенбаев: Әр кедендік бекет санатталып, тиімсіздерінің жұмысы тоқтатылады

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Кеден бекеттерін санаттау жұмыстары атқарылады.
None
None

Бұл туралы бүгін селекторлық режімдегі Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, Кеден бекеттерін жабдықтау деңгейі мен географиялық орналасуы, сондай-ақ рәсімделетін тауарлардың құрылымы бойынша санаттау жұмыстары жүргізіледі.

«Бүгінде 107 кедендік бекет бар. Оның шінде 25-і шекарада орналасқан. Әр бекетке паспорт әзірлеу қарастырылып отыр. Аталған құжатта кедендік бекеттің қызметі ескеріліп, онда бекеттің және әр кеденшінің жұмысы регламенттеледі. Сондай-ақ тиімсіз кедендік бекеттерден бас тартылатын болады»,-деді комитет басшысы.

Соңғы жаңалықтар