М.Есенбаев кеден саласының ақпараттық жүйесін жетілдіруге уәде берді

АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің жанындағы Консультациялық кеңестің отырысы барысында аталмыш комитет басшысы Мәжит Есенбаев кеден саласының ақпараттық жүйесін жетілдіруге уәде берді.

М.Есенбаев кеден саласының ақпараттық жүйесін жетілдіруге уәде берді

Жақында Кедендік бақылау комитеті кәсіпкерлер үшін шетелден Қазақстанға әкелінетін тауар бойынша алдын ала есеп беріп, ол бойынша барлық мәліметті арнайы ақпараттық жүйеге жіберу міндетін енгізген болатын. Бірақ ол жүйе түсіп жатқан есептердің көлемін көтере алмай, істемей қалып жатады. Осының салдарынан кәсіпкерлер шекарада ұзақ уақыт тұрып, шығынға батуда.

Бүгінгі кеңесте осы мәселе бойынша хабардар болған Кедендік бақылау комитетінің төрағасы М.Есенбаев, тиісті шараларды қолға алып, кеден саласының ақпараттық жүйесін жетілдіруге уәде берді. «Иә, бізде ондай ақаулықтар бар. Алдағы уақытта біз оның бәрін ретке келтіріп, ақпараттық жүйенің толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ететін боламыз», - деді М.Есенбаев.