М.Есенбаев «Ұлар Үміт» ЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - «Ұлар Үміт» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ директорлар кеңесінің 2011 жылғы 12 қазандағы шешімімен Гүлнәр Былғариқызы Әлімғазиеваның басқарма төрағасы ретіндегі уәкілеттілігі тоқтатылды.
Бұл туралы зейнетақы Қорының сайтында жарияланған.
Директорлар кеңесінің 2011 жылғы 13 қазандағы шешімімен Мәлік Төлеубекұлы Есенбаев Қордың басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.