14:24, 01 Наурыз 2012 | GMT +5
М. Ғабдуллиннің туғанына 100 жыл толуына орай оның 20 томдығын шығаруды қазірден қолға алу керек -Ж. Ерғалиев
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат -М. Ғабдуллиннің туғанына 100 жыл толуына орай оның 20 томдығын шығаруды қазірден қолға алу керек.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутат Жабал Ерғалиев осы мәселені көтеріп, Үкімет басшысының атына сауал жолдады.
Сауал барысында депутат көрнекті қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 2015 жылы 100 жыл толатынын айтып, осыған орай қайраткердің мерейтойына осы бастан кірісу қажеттігін атап өтті. «Бұл бағытта арнайы Үкіметтік комиссия қазір құрылса екен. Әсіресе, ғалым еңбектерінің 20 томдығын шығара бастау ісін бүгін қолға алған абзал болар еді. Ғасырда бір туар Мәлік Ғабдуллин сынды тұлғаның, халқымыздың ұлы перзентінің 100 жылдығы еліміз бойынша лайықты аталып өтуіне бүгін даярлық жасаған дұрыс деп ойлаймыз», - дейді Ж. Ерғалиев.