М.Горький атындағы елорда театры 112-ші маусымын аяқтады
Маусым өткен жылдың 19 қыркүйегінде елордалық көрермендердің көзайымына айналған итальяндық Карло Гольдонидің «Кьоджин дүрбелеңі» спектаклімен ашылған еді. Ал Астана күні қарсаңында испандық мелодрамашы Алехандро Касонаның «Жабайы. Үшінші сөз» премьерасымен аяқталды. Испандық драматург Алехандро Родригес Касона сахна үшін 20-дан астам комедия мен бірнеше спектакль жазып, қойған. Таудағы шағын ауылда таза дүние танымда өскен Паблоның қатал, жалғандыққа толы, екі жүзді айқай-шуы көп қаладағы тірлігі салыстырылады. Дегенмен, екінші әлем оған бұрын кездестірмеген, таңғаларлық сезім сыйлайды. Адам қайда өмір сүрмесін ерте ме, кеш пе қарапайым ғана ақиқатты мойындайды. Ол - өмір, өлім, махаббат туралы ойлайтын адамның ой түйсігі болып табылады.
Спектакльдің қоюшы-режиссері - ҚР Еңбек сіңірген әртісі Бекпулат Парманов. Қоюшы суретшісі - ҚР «Мәдениет қайраткері» Қанат Мақсұтов.