М.Горбачев Ресей Премьер-министрі В.Путин президент лауазымынан бас тартады деп болжады

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - КСРО президенті болған Михаил Горбачев Ресей Премьер-министрі Владимир Путин 2012 жылы РФ Президенті лауазымына сайлауға түспейді деп есептейді.
None
None

Бұл туралы ол Sky News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Лента.ру".«Меніңше ол қатыспайды. Екі мерзім отырды, сол да жеткілікті. Ол дұрыс қадам жасады», - деді Горбачев.

2012 жылғы сайлаудан кейінгі кезеңге қатысты М. Горбачев: «Мүмкін олар тағы ауысатын болар», - деп сақтықпен болжам жасады. Осы сөзден кейін көптеген ресейлік БАҚ-тар Путин 2018 жылы сайлауға қатысады деген қорытынды шығарды.

Соңғы жаңалықтар