М.Ходорковский Берлинде баспасөз мәслихатын өткізді

Берлин қабырғасы мұражайында өткен оның баспасөз мәслихатына ондаған елден 83 бұқаралық баспасөз құралдарының өкілдері қатысты, олардың арасында Ресей, Германия, Украина, Франция, Австрия, Ұлыбритания, АҚШ және басқа де елдерден журналистер болды.
Ходорковский өзіне қолдау көрсеткен адамдардың, әсіресе журналистердің бәріне алғысын білдірді. Ол тілшілердің бірқатар өткір сұрақтарына жауап қайтара отырып, алдағы уақытта саясатқа араласпайтынын, ЮКОС акциясына қатысты дау-шарға да қатыспайтынын, сондай-ақ бизнеспен де айналыспайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ Ресейдегі саяси сотталғандардың құқықтарын қорғау үшін күресетінін атап өтті. Ол Ресейге егер өзіне қажет болған кезде шетелге шығатын мүмкіндік беретін болса ғана оралатынын атап көрсетті. Ресей президенті Владимир Путинге өзінің қатынасы туралы айта келіп, оны прагматикалық тұрғыдан қарайтынын атап өтті. "Мен отбасыма ешқандай қысым жасалмағанын атап айтқым келеді. оларға көзқарас түзу болды, сондықтан да мен маған қатысты кейбір қайшылықтарды өте сезімтал қабылдаған жоқпын", - деді ол.
Михаил Ходорковскийдің баспасөз мәслихаты РБК-ТВ телеарнасынан онлайн-режимінде көрсетілді.
"Менің қаржылық жағдайым ақша табу үшін үшін жүгіруді қажет етпейді, сондықтан да мен жағдайы төмен адамдарға көмектесуім қажет", дей келіп, оппозицияны қолдау үшін қаржы шығындамайтынын айтты.