08:51, 22 Қаңтар 2009 | GMT +5
М.Каддафи: Б.Обама Усама бен Ладенге бейбіт келісім бастауға мүмкіндік беруі керек
ВАШИНГТОН. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат -АҚШ-тың жаңа президенті Барак Обама «Әл-Кайеда» жетекшісі Усама бен Ладенге бейбіт келіссөз бастауға мүмкіндік беруі керек.

Ливия басшысы Муаммар Каддафи телекөпір арқылы американдық студенттердің алдында сөйлеген сөзінде осындай пікір білдірді. Ол бен Ладеннің американ өкіметімен диалогқа ниетті екендігі туралы ақпаратқа ие екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетейік, Ливия басшысы 2003 жылы лаңкестік қозғалыстарға қолдау көрсетуін тоқтатып, ядролық қару жасау ниетінен бас тартқан болатын. Осының нәтижесінде Ливияның Батыспен қарым-қатынасы жақсарып еді. 2004 жылы Вашингтон мен Триполи 1972 жылдан бері үзілген дипломатиялық қарым-қатынасты да жандандырды.