М.Каддафи билік басындағы 40 жылдығын атап өтуде

АСТАНА.  Қыркүйектің 2-сі.  ҚазАқпарат  -Ливия    королі   Ыдырыс Біріншінің  тағынан тайдырылып,    Муаммар  Каддафи бастаған   Ұлы  Социалистік  Халықтық  Ливия  Араб  Мемлекетігінің  жария етілуінің  40 жылдығын  атап өтуде,
None
None

 деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

Елдің  ордасы  - Триполи қаласында    әлемнің 17 елінің    үрлемелі  оркестрлерінің  қатысумен  шеру ұйымдастырылды, көшелерде би конкурстары   өтуде,  ал  аспанда   әскери ұшқыштар     жоғарғы пилотаж  жаттығуларын    орындауда. Осынау атаулы    мерекенің  құрметті  қонақтарының    қатарында   Венесуэла Президенті  Уго  Чавес,    Алжир  Президенті Әбделәзиз  Бутефлик  бар.

 Естеріңізге сала кетейік,  1969 жылы қыркүйектің  1-інде  «Азат офицерлер    қозғалысы»  ұйымына кіретін       Ливия армиясының  бір топ әскери  қызметкері     Ливия   Королі Ыдырыс Біріншіні  тағынан  құлатқан  болатын.   Сол төңкеріске     жетекшілік еткен  Муаммар  Каддафи  40 жылдан бері  елді басқарып  келеді.

Соңғы жаңалықтар