М.Каддафидің қарсыластары Бани-Валид қаласында ұрыс жүргізіп жатыр
АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - НАТО қолдап отырған ливиялық бүлікшілердің қарулы құрылымдарына қарсылық көрсетіп жатқан қалалардың бірі - Ливия революциясының көшбасшысы Муаммар Каддафидің жақтастары қорғап отырған Бани-Валид қаласына кіруге мүмкіндік туды, деп хабарлады РБК.
Ливияның Өтпелі ұлттық кеңесінің өкілі Абдула Кеншил хабарлағандай, бүлікшілер қалаға ендеп кіре алды, және қазіргі уақытта негізінен Бани-Валди қаласының орталық көшелерінде жасырынған мергендермен ұрыс жүргізіп жатыр.
Бани-Валид қаласына шабуыл бүгін таңертең, М.Каддафидің сенімді жақтастары қарсыластарының позициясын миномет оғының астына алғаннан кейін басталды.