М.Каддафидің үлкен ұлы Мұхаммед оппозицияға берілді

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Ливия басшысы Муаммар Каддафидің үлкен ұлы Мұхаммед оппозиция күшіне берілді.

М.Каддафидің үлкен ұлы Мұхаммед оппозицияға берілді

Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасай отырып РосБизнесКонсалтинг хабарлады.

Бұрын БАҚ-да оппозиция қолына түскен М.Каддафидің ізбасары болып саналатын оның басқа ұлы, яғни Саиф аль-Ислам деп хабарланған.

2011 жылдың ақпанынан бері Ливияда азаматтық соғыс басталып, оған кейін НАТО араласқан еді. Өткен түннен бастап олар мемлекет астанасы Триполи қаласы үшін соғысып жатыр.