М.Кукушкин Кәсіби теннисшілер қауымдастығы рейтингінде 55-орында
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин өткен аптада Кәсіби теннисшілер қауымдастығының жаңартылған рейтингінде 55-орынды иеленді.
4 мамырдағы нәтиже бойынша, Кукушкин бұл рейтингте 55-орынды иеленіп, Қазақстанның үздік өкілі болып қала берді. Андрей Голубев екінші жүздікте екі сатыға төмендеп, 119-шы орынға тұрақтады. Андрей Недовесов бір сатыға көтеріліп, 120-орынды иеленді. Жеке разряд рейтингінде сербиялық Новак Джокович топ бастап тұрса, екінші орынға швейцариялық Роже Федерер, үшінші орынға британдық Энди Мюррей орналасты.
Жұптық разряд рейтингінде қазақстандықтардың ішінде 69-дан 68-ші сатыға көтерілген Голубев үздік атанды. Екінші жүздікте Недовесов 12-саты төмендеп, 151-ші орынға жайғасты. Кукушкин үш сатыға төмендеп, 195-ші орынды иеленді. Жұптық разряд рейтингін бұрынғыша америкалықтар - Боб пен Майк Брайандар басқарып тұр. Үшінші орында бразилиялық Марсео Мело, деп хабарлады Sports.kz .