М.Кукушкин Кәсіби теннисшілер қауымдастығының үздік елулігіне ілікпей қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (АТР) үздік елулігіне ілікпей қалды, деп хабарлады Vesti.kz.

М.Кукушкин Кәсіби теннисшілер қауымдастығының үздік елулігіне ілікпей қалды

Осы аптада 6 сатыға құлдилаған М.Кукушкин 53-ші орынға тұрақтады. Қазақстандық тағы бір теннисші Андрей Голубев те 6 сатыға төмендеп 65-ші орынға орнықты. Ал Қазақстанның тағы бір өкілі Александр Недовесов үздік жүздікке іліге алмады. Ол 99-шы орыннан 106-шы сатыға сырғыды.

28 шілдедегі АТР рейтингі 1 (1). Новак Джокович (Сербия) — 13130 ұпай, 2 (2). Рафаэль Надаль (Испания) — 12670, 3 (3). Роджер Федерер (Швейцария) — 6070, 4 (4). Станислас Вавринка (Швейцария) — 5770, 5 (5). Томаш Бердых (Чехия) — 4410, 6 (6). Давид Феррер (Испания) — 4085, 7 (7). Милош Раонич (Канада) — 3920, 8 (8). Хуан Мартин Дель Потро (Аргентина) — 3360, 9 (9). Григор Димитров (Болгария) — 3270, 10 (10). Энди Маррей ( Ұлыбритания ) — 3040