12:10, 11 Қараша 2013 | GMT +5
М. Құл-Мұхаммед БАҚ өкілдерін театрдағы шығармашылық бәсекелестікке түсіністікпен қарауды сұрады
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бүгінгі брифингте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед БАҚ өкілдерін театрдағы шығармашылық бәсекелестікке түсіністікпен қарауды сұрады.

Министрдің хабарлауынша, осы уақытқа дейін Қазақстанда 17 жаңа театр ашылды. Солардың ішінде Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Маңғыстау облыстық қазақ театрлары су жаңа ғимараттарға көшті. Ал, елордада әлемдік деңгейі бар Астана опера театры ашылды.
«Енді біз аталған театрларды жаңа репертуарлармен толтыруымыз қажет. Негізі бүгінде театр репертуарлары жаңарып, оған жаңа буын өкілдері келуде. Сондықтан кез-келген театрда шығармашылық пікірталас болады. Аға буын мен кейінгі буын шығармашылық бәсекелестікте болады. Сонда ғана театр дамиды», - деп атап көрсетті М. Құл-Мұхаммед.
Осы орайда, министр БАҚ өкілдерін театрдағы шығармашылық бәсекелестікке ретімен қарауды сұрады.