М. Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына орай жас ақындардың қалалық мүшәйрасы өтті

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Мұқағали Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Қыранбыз қырандардан жаратылған» атты жас ақындардың қалалық мүшәйрасы өтті.
None
None

Университеттің қазақ тілі кафедрасы ұйымдастырған байқаудың мақсаты - қазақтың ақиық ақынының рухына тағзым ету, ақынның мұрасын келешек ұрпаққа жеткізу, жастарды сөз өнеріне, ақындыққа баулу және поэзияға құштарлықтарын арттыру.

Байқауға С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дан, аталмыш университет базасында ашылған жаңа колледжден, Астана медицина университетінен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Еуразия гуманитарлық институтынан қаламы қарымды, ойы ұшқыр барлығы 12 студент қатысты. Олар М.Мақатаевқа шығарған арнауларын оқып, ақынның өз өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты.

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Оразгүл Асанғазы төрағалық еткен қазылар мүшесінің шешімімен бас жүлде Еуразия гуманитарлық институтының студенті Нұргүл Тырнаханға берілді.

Соңғы жаңалықтар