М.Ржига «Барыстың» бас бапкері болды
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Чех маманы Милош Ржига астаналық «Барыс» хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
«Хоккейная правда» сайты хабарлағандай, Андрей Потайчук бас бапкердің ассистенті болады. Жаңа басшылық команда құрамындағы легионерлерді көбейтуді көздеп отыр. Негізгі мақсат - команданың сәтті өнер көрсетуін қамтамасыз ету.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін М.Ржига чехтың «Пардубище» командасын жаттықтырды. Оған дейін ол Құрлықтық хоккей лигасында «СКА», «Атлант» пен «Спартакты» жаттықтырды. 2010-2011 жылдары «Атлант» ҚХЛ-дың күміс жүлдегері атанған болатын.