М. Саакашвили Грузияға жеткізілетін газды Қазақстанның және Түркіменстанның көмегімен әртараптандыруды ұсынды

Бұл туралы Михаил Саакашвали Баку қаласында өтіп жатқан тұңғыш Оңтүстіккавказ форумы алдында грузиялық телеарналарға берген сұхбатында мәлімдеді.
«Ресейлік газдың Арменияға транзитін төлеу түрінде газдың бір бөлігін Ресейден қабылдап та жатырмыз. Біз Қазақстанмен және Түркіменстанмен келіссөздер жүргізе отырып, газды тасымалдаудың жаңа мүмкіндіктерін іздестіруіміз қажет», - деді М. Саакашвили.
М.Саакашвалидің айтуынша, қыс кезінде өз аумағындағы газ құбырындағы жарылыстар болған шақта Ресей Грузияны бірнеше мәрте қиын жағдайға ұшыратқан. Грузия халқы жылусыз және жанармайсыз қалған.
«Бұл бізді еркіндіктен айыру мақсатында жасалып жатыр. Бірақ бұл мүмкін емес», - деді Грузияның президенті.
Айта кеткен абзал, Грузияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Каха Каладзе грузиялық «Версия» басылымына берген сұхбатында Грузияны газбен қамтамасыз етуді әртараптандыру бойынша Ресеймен келіссөздер басталуы мүмкіндігін жоққа шығармады. Бүгінгі таңда Әзірбайжан құны төмендетілген тариф бойынша Грузияға негізгі газ жеткізуші болып отыр.