М.Саакашвили парламент сайлауында жеңілгендігін мойындады

Бұл туралы Грузия президенті 1 қазан күні өткен парламенттік сайлауда Бидзина Иванишвилидің «Грузиндік арман» коалициясының жеңісін мойындап, арнайы үндеуінде мәлім етті.
«Ой-пікірім бойынша өзіме жат бұл саяси күшті таңдаған грузия халқының таңдауын сыйлаймын, және ел президенті ретінде барлық жәрдемді көрсетемін», - деді Грузия Басшысы.
Бұл ретте М.Саакашвили оның - Біртұтас ұлттық қозғалыс партиясына дауыс берген адамдарға алғысын білдірді.
«Біртұтас ұлттық қозғалыс» партиясының көшбасшысы ретінде біздің партия оппозицияға өтетіндігін мәлім етемін», - деп атап өтті М.Саакашвили.
«Мен үшін «Грузиндік арман» коалициясының көзқарастары түбегейлі алшақ. Біздің арамызда терең айырмашылық бар, біз олардың ой-пікірлері мүлдем дұрыс емес деп санаймыз. Бірақ демократия, шешімді грузия халқының көпшілігі жасайтынымен құралады, және біз ол шешімді құрметтейміз», - мәлім етті М.Саакашвили.