М. Саакашвили жаңа жұмыс тапты

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили АҚШ-та жұмыс тапты, деп хабарлады segodnya.ua.
None
None

Оның «Фейсбуктегі» парақшасында бұрынғы мемлекет басшысы америкалық Тафтс университетінің Флетчер мектебінде болашақ дипломаттар мен заңгерлерді оқытатын болады деген ақпарат пайда болды.
Хабарламаға сәйкес, М.Саакашвили 2014 жылдың көктемгі семестрінен бастап дәріс оқуға кіріседі.
«U.S. News & World Report» басылымының нұсқасы бойынша Тафтс университеті 2011 жылы ұлттық университеттер арасында 29-орыннан көрінді.

Соңғы жаңалықтар