М. Тәжин діни экстремизмге қарсы тұру бағытындағы мақсат-міндеттерді атады

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Мемлекеттік ақпараттық саясаттың өзекті мәселелеріне арналған кеңесте Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин діни экстремизмге қарсы тұру бағытындағы мақсат-міндеттерді атады.

М. Тәжин діни экстремизмге қарсы тұру бағытындағы мақсат-міндеттерді атады

Оның сөзіне қарағанда, бұқаралық ақпарат құралдары жұмысының бөлек бағыттарының бірі - діни экстремизмге қарсы тұруға негізделуі тиіс. Бұл тұрғыда қоғамдық қозғалыстарды кеңінен тарту керек.

Оның пайымдауынша, бүгінде экстремистік діни қозғалыстар ұйыған ұлттық-мәдени ерекшелікті бұзып қана қоймай, сонымен қатар олар қоғамда күрделі қақтығыстарды тудыруы мүмкін.

«Сондықтан да, экстремизм идеологиясына қарсы тұру тұрғысында айтқан кезде, ондағы мән-жәй бөлек немесе бірліжарым проблемаларды ғана қамтып отырған жоқ. Атап айтқанда, олар қоғамдық қарама-қайшылыққа әкелуі ықтимал. Осы орайда БАҚ-тар ғылыми-сарапшылық қоғамдастықпен тығыз өзара іс-қимылдар жасауы тиіс. Бұл бағытта біздің әлеуметтанушыларды, білім жүйесінің, медицина, оның ішінде психиатрияның өкілдерін белсенді жұмылдыру керек», - деп қадап айтты М. Тәжин.

Мемлекеттік хатшының сөзінше, бұл радикалды ұйымдарда жүйкелік ауытқулары бар адамдар көптеп кездеседі. Бұл күрделі әрі кешенді проблема. Оның ішінде психологиялық мәселе де бар.

«Сондықтанда, Дін істері жөніндегі агенттігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі құқық қорғау органдарымен бірлесе Қазақстан аумағында қандай теріс ағымдар қызмет жасап жүргені туралы, сондай-ақ оларды қандай ерекшеліктер арқылы ажыратуға болатыны жөнінде бағдарламалар циклі мен жарияланымдарды даярлауы қажет», - деді М. Тәжин.

Бұған қоса ол, тіркелмеген ағымдар жайында азаматтардың мәліметтер алу бойынша ҚР Дін істері жөніндегі агенттігі жанында байланыс желісін ұйымдастыруды тапсырды.