М.Тәжин кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге қатысты.

М.Тәжин кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді

Естеріңізге сала кетейік, Ресей аумағында жүрген қазақстандық азаматтар Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Резиденциясында (Мәскеу қаласы) орналасқан №215 сайлау учаскесінде, сондай-ақ Қазақстанның Санкт-Петербор, Қазан, Омбы, Астрахань қалаларындағы консулдық мекемелерінде дауыс бере алады.