М. Тәжин Президентке Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын 2010 жылы іске асырудың қорытындылары жайлы баяндады

АСТАНА. 15 наурыз. қазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.

М. Тәжин Президентке Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын 2010 жылы іске асырудың қорытындылары жайлы баяндады

ҚР Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыста Ұлттық қауіпсіздіктің жағдайы мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Марат Тәжин толық баяндап берді.

Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын 2010 жылы іске асырудың едәуір маңызды қорытындыларының ішінде мына мәселелер атап өтілді.

Сыртқы саясатта Қазақстанда ЕҚЫҰ-ның 7-саммитін өткізу ерекше орын алады. «Қауіпсіздік қоғамдастығы жолында» атты Астана декларациясының қабылдануы XXI ғасыр жағдайында «Хельсинки рухына» оралғанымыз туралы куәлік ете алады.

ҰҚШҰ форматында дағдарысқа қарсы реттеу тетіктерінің құрылуы оған мүше-мемлекеттердің аумағында ішкі дағдарыстар туындаған жағдайда Ұйымның әлеуетін пайдалануды қарастырады. Осы ретте, көмек көрсету үшін зардап шеккен тараптардың ресми өтініш жасауы міндетті талап болуы тиіс. Бұдан басқа, өткен жылы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының қызмет ету мәселелері, оның ішінде, ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел реттеу күштері мен Ұжымдық бітімгерлік күштері жөніндегі келісімдерге қол жеткізілді.

Кеден одағының іске қосылуы тауарлар, қызмет көрсетулер, капитал мен жұмысшы күштерінің еркін қозғалысын, 170 млн. адам тұрып жатқан аумақта ортақ нарықты құруды қарастыратын Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру жолындағы маңызды қадам болды.

Елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес, стратегиялық жоспарлаудың жаңа құжаттары әзірленді, жаңа әскери бөлімдер құрылды, мемлекеттік шекараны одан әрі орналастыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде, бірқатар ірі әскери жаттығулар, оның ішінде, «Бейбіт миссия - 2010» ШЫҰ-ның жаттығуы өтті.

Экономикалық салада Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары мен 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама іске асырыла бастады. Қазақстанды индустриаландырудың республикалық және өңірлік картасы әзірленді.

Банкілік-қаржылық салада қаржылық тұрақтылықты нығайту жөнінде шаралар қабылданды. Бұл елдің халықаралық қорын ұлғайтуға мүмкіндік туғызды, халықтың банкілердегі депозиттер көлемі 15,9 пайызға өсті. Зейнетақы жинақтарының көлемі 2,2 трлн.теңгеге артты.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында өткен жылы құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінде кейбір бағыттарға реформа жасалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңнаманың қылмыстық құқықты ізгілендіру және декриминализациялау бөлігі қайта пысықталды, балама тергеуге алу қысқартылды, құқық қорғау органдарының құзыреті айқындалды, олардың жекелеген, бейінде емес міндеттері азаматтық ведомствоға немесе бәсекелестік ортаға берілді.

Әкімшілік реформа аясында мемлекеттік қызметшілердің саны 15 пайызға қысқартылды, оның шінде, күш құрылымдары мен сот органдары қызметкерлері де бар.

Облыстарда қоршаған ортаны қорғауда «Жасыл даму» бағдарламасы іске асырыла бастады, ғимараттарды тазартуды қайта құрылымдау жөнінде жеті өңірлік жоба қолға алынды.

Ұлттық қауіпсіздік саласында Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды, салалық бағдарламалар әзірленді.