М.Тәжиннің төрағалығымен Ақордада VI Азаматтық форумды өткізуге дайындық мәселесі қаралды

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді.
None
None
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуде ынтымақтастықтың салалық қағидаты аясын кеңейту және бірқатар нақты қадамдар жасау, соның ішінде VI Азаматтық форумды өткізуге дайындық мәселесі қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.
Соңғы жаңалықтар