М.Вольнова Астанадағы Жастар денсаулығы орталығында кездесу өткізді

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы №7 емханада Лондон Олимпиадасының жүлдегері, боксшы Марина Вольновамен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты - қала бойынша ашылған Жастар денсаулығы орталықтарының жұмысын насихаттау.
None
None

Бұл кездесуге мектеп оқушылары мен емхана қызметкерлері көптеп жиналды. Жастар М.Вольноваға спортшының өмірі мен денсаулық сақтауға қатысты сан алуан сауалдар қойып, тұщымды жауап алды. «Уақытты бос өткізуге болмайды. Жастарға спортпен көптеп шұғылдануға кеңес беремін. Мейлі, ол бокс немесе басқа бір спорт түрі болсын. Талаптану керек. Сонда ғана адамның өмірлік жолы айқындалады. Ал, ең бастысы, оның көздеген мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін денсаулығы зор болады», - дейді М.Вольнова.

Айта кетейік, бүгінде елордада тоғыз орталық жұмыс істейді. Оған келген жасөсіпімдер мен жастар кез келген медициналық көмекке жүгініп, құпия түрде кеңес ала алады. Мұнда психолог, гинеколог, дерматовенеролог және әлеуметтік қызметкерлер бар. Алдағы уақытта  Астанада осы іспетті оныншы орталықты ашу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар