Мьянма 15 ай ішінде 650 келі алтын тәркіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мьянмада алтын контрабандасына күдікті ретінде бес адам тұтқындалды, оның ішінде Биман мемлекеттік авиакомпания басшысының орынбасары бар, деп хабарлады Би-би-си.
Полицияның мәлімдеуінше, соңғы 15 айда кеденшілер 650 келі алтын тәркілеген.
Билік айыпталушылар елге әкелген алтынды бағасы біршама жоғары Үндістанға өткізбекші болғанын мәлім етті.