Мьянмада әскери ұшақ радардан жоғалып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мьянмада бортында 116 адам бар әскери ұшақ радардан жоғалып кетті, деп хабарлады ТАСС AFP агенттігіне сілтеме жасап.
БАҚ ақпаратына сәйкес ұшақ сәрсенбі күні елдің оңтүстігіндегі Танинтайи өңірінде орналасқан Мьей қаласынан түстен кейін ұшып шыққан. Әзірге болған оқиға жайлы басқа ақпарат жоқ.