Мьянмада ғибадатхананы су шайып кетті

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Мьянмада өзен жағасына салынған ғибадатхананы су ағызып әкетті, деп хабарлайды 24.kz.

  Мьянмада ғибадатхананы су шайып кетті

Төтенше жағдайға толассыз жауған нөсер себеп болды. Соның салдарынан елдегі ең ірі өзен Иравади арнасынан тасыған.

Оқыс оқиға Мьянманың орталық бөлігіндегі Магуэ провинциясында болды. Абырой болғанда, құрбандар мен жапа шеккендер жоқ. Осы күндері Үндістан мен Қытайда да жаңбыр толассыз жауып тұр.