10:31, 22 Қараша 2015 | GMT +5
Мьянмада шахта жыныстарының ығысуы салдарынан 50 адам опат болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мьянманың солтүстігіндегі Качин штатындағы нефирит шахтасы жыныстарының ығысуы салдарынан кем дегенде 50 адам қаза тапты, деп хабарлайды Би-би-си оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап.

Качин штатында сапасы өте жоғары нефрит өндірілуде, алайда шахталарда осындай оқиғалар жиі орын алып отырады.
Қаза тапқандардың көбі шахталарда тасталатын қалдықтардың арасынан асыл тастардың бөліктерін іздейтін кедейлер болған.
Сондай-ақ ығысу салдарынан жергілікті тұрғындардың бірнеше ондаған лашықтары бұзылғаны хабарланып отыр.