Мьянмада тарихи сайлау басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мьянмада (Бирма) жексенбі күні дауыс беру үшін сайлау учаскелері ашылды. Елде әскерилердің 53 жылдық басқаруы осы сайлауда аяқталуы мүмкін болғандықтан оны тарихи деп атады.
Сайлау 2011 жылы билік азаматтық үкіметке тапсырылып, эономикалық және саяси реформалар басталғаннан кейін алғаш рет өткізіліп отыр. Алайда президенттік лауазымда әскери лидер генерал Тан Шве отыр, деп хабарлады Би-Би-Си.
1990 жылы болған сайлауда Аун Сан Су Чжи бастаған "Демократия үшін ұлттық лига" партиясы жеңген еді. Алайда генералдар дауыс беру нәтижесін жойып, диктатура орнатты. Салдарынан Аун Сан Су Чжи шамамен 15 жыл үйқамақта отырып, кейіннен Нобель сыйлығына ие болды.
Бұл жолы генерал Тан Шве халық еркіне құрметпен қарауға сөз берді, алайда оның ойынша күрт өзгерістер тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін.