Мьянмада Тинджан фестивалі кезінде 36 адам опат болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мьянмада ең басты дәстүрлі салтанат - Тинджан су фестивалі кезінде төтенше жағдай орнап, 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.кз «Синьхуа» агенттігіне сілтемемен хабарлайды.
Тағы 316 адам жарақат алған. Фестивальге 5 күн қалғанда 46 түрлі қайғылы жағдай тіркелген. Төтенше жағдайға оңтүстік-шығыс Азия елдерінде Жаңа жылды қарсы алу мерекесі кезінде рулді басқаруға мас күйінде отыратын жүргізушілер себеп болған.