Мьянмада жоғалып кеткен ұшақтың бөліктері теңізден табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Радардан жоғалып кеткен Мьянма Қарулы Күштері ұшағының бөліктері теңізден табылды. Бұл туралы ресми деректерге сүйене отырып AFP хабарлады, деп жазды ТАСС.

Мьянмада жоғалып кеткен ұшақтың бөліктері теңізден табылды

Осыған дейін елдің әскери қызметкерлері ұшақтың бортында 104 адам болғандығын хабарлаған. Олардың 14-і экипаж мүшесі болса, 90 адам әскери қызметкерлердің мүшелері болған.

Ұшақ сәрсенбі күні күндіз елдің оңтүстігіндегі Танинтайи өңіріндегі Мьей қаласынан ұшып шыққан.