М.Жәкішевтің денсаулық жағдайы оны тергеу оқшаулағышында ұстауға толық мүмкіндік береді - Бас прокуратура

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бас прокуратураға «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің денсаулық жағдайына байланысты оны арнайы емдеу орнына жатқызу жөнінде М.Жәкішев пен оның өкілдерінен бірнеше ұсыныс түскен.
None
None

Ал оған қатысты нақты шешімді М.Жәкішевтің ісін қарап жатқан тергеуші шығаратындықтан Бас прокуратураға түскен ұсыныстардың барлығы жедел-тергеу тобына жолданды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, М.Жәкішевтен түскен ұсыныстардың барлығы толықтай тексеріліп, қажетті орындарға тіркелген. «Прокуратура басшылығы ұсыныстарды заң тәртібі бойынша құзырлы органдарға жолдап отыр. Бұл мәселеге қатысты мәліметтерді мен әзірге жария ете алмаймын. Дегенмен мынандай деректермен хабардар ете аламын. М.Жәкішевтің денсаулық жағдайы сот-медициналық сараптау жұмыстарының нәтижелері және оның денсаулық жағдайын қадағалайтын дәрігерлердің мәліметтері бойынша әзірге жақсы. Яғни оны тергеу оқшаулығышында ұстауға болады», деді ресми өкіл.

Қазір М.Жәкішевке қажетті медициналық көмек көрсетілуде. «Ал оны емдеу орындарына жатқызу қажет болса, немесе денсаулығынан кінарат табылатын болса, мәселе   оңды шешімін табады деген ойдамын», деді Н.Сүйіндіков.

Соңғы жаңалықтар